Бұдан бұрын Германия полициясы, Гейделбергте пышақпен қаруланған ер адамның топ адамды өтпе жолда қағып кету оқиғасын теракті деуге дәлел жоқтығын мәлімдеген болатын.
«Ауыр жарақаттанған адам Гейдельберг ауруханасында 18:00-де көз жұмды. Ол 73 жастағы Германия азаматы», делінген Гейдельберг прокуратурасы мен Мангейм полициясы департаментінің бірлескен баспасөз баянында.
Өзге екі зардап шегуші жеңіл жарақаттанған. Олар - 32 жастағы Австрия азаматы мен 29 жастағы Боснии және Герцеговинадан келген әйел.
«Күдікті 35 жастағы неміс болып шықты. Оған ота жасалды»,-деп атап өтіледі коммюникеде.
Қазіргі уақытта тергеу бұл оқыс оқиғадан ешқандай лаңкестік әрекеттің белгілерін тауып отырған жоқ.
Еске сала кетсек, БАҚ-та Гейдельберг қаласында жүргізуші жүргіншілердің өтпе жолында бір топ адамды қағып кеткені, үш адам жарақаттанғаны туралы ақпарат тараған еді.
Келеңсіз жағдай қаланың орталық Бисмаркплатц алаңында орын алды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, ер адам пышақпен қаруланған. Тәртіп сақшылары қашпақ болған арам ойлыны тоқтатқан және атқан.
Ауыр жараланған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Үш адам зардап шеккен, ал біреуі ауыр жарақат алған.