деп хабарлайды Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың күзінде Германия адамдардың арасын бөлген осынау Берлин қабырғасының құлатылуының 20 жылдығын атап өтеді. Кезінде осынау қабырғаға қарамастан, немістердің ұлттық бірлігі ешқашан жоғалмаған еді.
Сайлаудың жалған қорытындысы, бұрын-соңғы болмаған эмиграция толқыны және бұқаралық шерулер 1989 жылы бірнеше айдың ішінде Германия Демократиялық Республикасы мемлекеттік аппаратының құлдырауына әкеліп тіреді. Қазанның 18-інде ГДР-дың мемлекет басшысы және партия жетекшісі Эрих Хонеккердің отставкаға кетіп, қарашаның 9-ында Берлин қабырғасы құлағаннан кейін, елде бірігу үдерісі басталған. 1990 жылы мамырдың 18-інде ГФР мен ГДР арасында ортақ экономикалық, валюталық және әлеуметтік одақ құру туралы келісім жасалды.
ГДР 1990 жылы шілденің 1-інен бастап ГФР-дің экономикалық және құқықтық тәртібінің басым бөлігін қабылдайды, неміс маркасы ГДР-да жалғыз валютаға айналады. ГДР-дің Федеративтік Республикаға қосылу үрдісі осымен аяқталады. Ал Демократиялық Республиканың Федеративтік Республикаға қосылуын реттейтін бірігу туралы келісімшартқа қатысты келіссөздер шілденің 6-сында Берлинде басталды. Тамыздың 23-інде өткен арнайы отырыста халық партиясы Ата заңның 23-ші бабына сәйкес Германия Демократиялық Республикасының 1990 жылы қазанның 3-інде Федеративтік Республикаға қосылатыны туралы шешім қабылданды. Қазанның 3-інде жүздеген мың адам Берлинде және Германияның басқа қалаларында Герман бірлігінің күнін атап өтеді.
Осынау атаулы күнге байланысты Германия Елшілігі Берлин қабырғасының құлауының 20 жылдығына орай Астана, Павлодар, Өскемен, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында көрме өткізуде.