деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүрегімнен құттықтаймын. Мен Сізге жауапты қызметіңіздің жалғасында үлкен жетістіктер мен сәттілік тілеймін.
Мен өткен жылдың шілде және желтоқсан айларында Астанаға жасаған сапарларым кезінде арамызда болған қызықты әңгімелерді қуана еске аламын. Сізге көрсеткен қонақжайлылығыңыз үшін тағы бір рет алғысымды білдіргім келеді.
Германия Федеративті Республикасының Федералды канцлері Ангела Меркель