«Головкин WBO титулына Андрадемен айқас үшін DAZN-мен келісімшартқа қол қойып, кейін «Канеломен» қыркүйекте бірлескен жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын. Бұл қазір GGG бара алатын жалғыз қадам деп есептеймін. Егер ол «Канеломен» кездескісі келсе немесе мансабын табысты мәмілемен аяқтағысы келсе, DAZN-мен келісім жасауы тиіс.
Головкинге қазір кәсіби мансабын аяқтаудың еш мәні жоқ. «Канеломен» айқасып, көп ақшаға кенелетіні анық», - деді маман.