GGG бәрібір жеңімпаз - Головкиннің жеңілісін қазақстандықтар қалай қабылдады
«Сен біз үшін бәрібір үздіксің! Сен нағыз чемпионсың. Қазақстанның атын шығарып жатқаныңа көп рахмет! Алға!!!», - деп жазды өзінің Инстаграм парақшасында әнші Димаш Құдайберген.
Отандасымызға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қолдау білдіріп жатыр.
«Гена, сен біздің Чемпионымызсың, саған алғысымыз зор, қолыңнан келгеннің барын жасадың. Баршамыз сені мақтан тұтамыз!», - деп жазды министр Фейсбук парақшасында.
«Зерлі шапанды GGG бәрібір жеңімпаз болып қала береді!» деп жазды сондай-ақ әлеуметтік желіде «Egemen Qazaqstan» басылымының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
«Майк Тайсон да, Мұхамед Әли де жеңілген» дейді әлеуметтік желідегі қолданушылар. Қалай дегенмен, отандастарымыз сүйікті боксшысын бәрібір қолдайтындарын жазып жатыр.