Айта кетейік, бірер минуттан кейін Лас-Вегастың "T-Mobile" аренасында кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.
АҚШ-та аталған жекпе-жек HBO арнасында ақылы трансляциямен (pay-per-view) көрсетіліп жатыр. Ал қазақстандықтар үшін оны «Qazsport» пен «Qazaqstan» арналары тегін көрсетіп жатыр.