Майкл Монтеро: «Геннадий Головкин Лас-Вегас қаласында бірде бір жекпе-жек өткізген емес. Ал «Канело» бұл өңірде 8 рет былғары қолғап түйістірген. Мексикалық спортшы 2012 жылдан бастап жергілікті жанкүйерлер мен төрешілердің қолдауына ие болып келеді. Сол себепті 16 қыркүйек күні өтетін жекпе-жектегі төрелік мәселесі барлығын алаңдатып отыр. Мен Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчеспен бір-екі апта бұрын сөйлестім. Олар сайысқа сақадай сай және өздерін толық сеніміді сезінетіндерін жеткізді. Дегенмен Невада қазылары төреліктерін түрлендіріп жіберуі бек мүмкін. Бұлай деуімізге мысалдар да жетерлік» деп жазған болатын.
Бокс шолушысының айтуынша, «Уорд - Ковалев» айқасында ол шаршы алаңның жанында жүріп, төрешілер атағы басым боксшының (Уорд - ескерту) ыңғайына жиі жығылатынын байқап қалыпты.
«Канело мен Головкиннің кездесуі ұқсас жағдай. Кездесуде өз белдігін сарапқа салып, тәуекелге баратын жойқын соққы шеберлері болады (Головкин, Ковалев), маңызды жекпе-жектер өткізуде үлкен тәжірибе жинақтаған Уорд, Альварес секілді боксшылар бар... Бұл кездесуді дайындық кезеңінен бастап миллинондаған адам жіті бақылап отыр. Сондықтан Уорд пен Ковалев матчындағы біреуге бүйрегі бұру оқиғалары болмайтынына сенгіміз келеді. Невада төрешілері тура жолдан таймай, әділ қазылық жасайды деп үміттенеміз», - деп атап өтті ол.