GGG мен Canelo-ның жекпе-жегі басталды

Фото: None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің өміріндегі ең жауапты әрі тарихи кездесуін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетіп жатыр.   

  Айта кетсек, қос боксшы кеше салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Головкиннің салмағы 159,6 фунтты (72,39 келі), «Канело» - 159,4 фунтты (72,3 келі) көрсетті. Салмақ өлшеуден соң боксшылар бір-бірімен көзбен атысып, төбелесуге шақ шақ қалған еді.

Еске сала кетейік, Головкин мексикалық боксшымен осымен екінші рет кездесіп отыр. Былтыр 17 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған бокс кешінде Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль «Канело» Альвареспен тең түскен болатын.

Фото: hbo.com/boxing

Соңғы жаңалықтар