«Бұл жекпе-жек өтуі үшін «Канело» VADA тестілеуіне қайтадан тіркелуі керек», - деген GGG тобының сөзін Los Angeles Times Лэнс Пагмайр журналисті келтірді.
Еске сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегі 5 мамырда болуы керек еді, алайда мексикалық боксшының қанынан кленбутерол іздерінің табылуына байланысты өтпей қалды. Осының салдарынан Невада штатының атлетикалық комиссиясы оны алты айға бокстан шеттетті. Альварес шаршы алаңға 17 тамызда ғана қайтып келе алады, яғни Мексика тәуелсіздік күні мерекесіне орай қыркүйектегі демалыс кезінде жекпе-жек болуы ықтимал.