«Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің өз ассамблеясы болады. Оның өзінің тәртібі бар. Соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр», — деді ол Турзим және спорт министрлігінің алқа мәжілісінен кейін.
«Головкиннің кандидатурасын кім ұсынды? Ол өзі кандидатурасы ұсынылғанын біле ме?» — деп нақтылады журналист.
«Федерациялар ұсынған сияқты. Менде ондай ақпарат жоқ. Неге десеңіз, ол мәселемен біздің заңға байланысты адамдар жұмыс істеп жатыр», — деді Елсияр Қанағатов.
Еске салайық, елдегі БАҚ Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылғаны туралы жазған болатын.