Оқиға сәрсенбі күні, сүңгуір қайықтың суға енуі кезінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, сауда кемесіне еш зақым келмеген.
«Сүңгуір кемеге зақым келді, бірақ ядролық реакторы еш бүлінген жоқ», - делінген Британия қорғаныс министрлігінің сайтында.
"Эмбаш" суасты миналары және Tomahawk қанатты зымырандарымен жабдықталған. Оны жасауға 1 млрд. фунт (1,31 млрд. АҚШ доллар) қаржы жұмсалған.
09:15, 21 Шілде 2016
Гибралтарда атомдық сүңгуір сауда кемесіне соғылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания корольдігі әскери-теңіз флотының жаңа атомдық «Эмбаш» сүңгуір кемесі Гибралтар жағасындағы оқу-жаттығу кезінде сауда кемесімен соқтығысты, деп хабарлайды ВВС агенттігі.