Гидроцикл қайық сүйрейтін жүзу құралына соғылып, бір бала зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гидроцикл қайық сүйрейтін үрлемелі жүзу құралына соғылып, бір бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ сайтына сілтеме жасап.

22 тамызда «Sea-doo» маркалы гидроциклдің оқыс маневрі кезінде «Прогресс-4» моторлы қайығы сүйрейтін үрлемелі жүзу құралына соғылған. Оқиға салдарынан бала зардап шегіп, орташа ауыр жарақат алған.

«Шомылуға арналған су қоймасында сүйретілетін үрлемелі құрал, серуендеу, жүзу құралдарын, сондай-ақ осы құралды сүйретуге арналмаған кемені қолдануға белгіленген шектеу бар екенін ескеру қажет. Осыған байланысты, ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде қайыққа қатысты көлік оқиғаларына тексеру жүргізу, сыныптау және есепке алу қағидасына сәйкес құралды басқарған және шағын кеме иесінің кінәсінің дәрежесін айқындау үшін белгіленген мерзімде тексеру жүргізіледі», делінген хабарламада.

Көлік комитеті барлық кеме жүргізушілер мен шағын кеме не қайық иелеріне қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады.

Қайық жағажайға және басқа да шомылу орындарының жүзу шекарасындауға қоршауға 10 метр жақындамауы тиіс. Барлық үрлемелі, серуендеу, жүзу құралдарын шомылуға арналған орындарға сүйреуге болмайды, сондай-ақ қайық осы құралды сүйреуге арналған болуы тиіс.

Адамның барлығында құтқару кеудешесі болуы керек, қайықтың не сүйрелетін құралдың жолаушы сыйымдылығы сақталуы керек, он төрт жасқа толмаған бала ересек баұылауынсыш тасымалданбайды. Қайықты басқарушының арнайы куәлігі болуы тиіс,