Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі адамдарға жақын арада жолға шықпауға кеңес береді және Республика гидрометеорологиялық қызмет хабарландыруларын ескерулерін сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметі тәулік бойы жабылған автомобил жолдары жөнінде халықты ақпараттандырып отырады. Байланыс телефондары - (7172) 23-89-25, 23-89-34. Осындай диспетчерлік қызметтер жұмысы барлық аумақтарда жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, Жолдар бойынша шұғыл ақпарат «Қазақ радиосы», «NS» және «Авторадио» радио арналары бойынша беріліп, министрліктің www.mtk.gov.kz сайтында орналастырылады.