Кеңес барысында Ресей және Финляндия Үкіметтерінің қаржылай қолдауымен Арал теңізі бассейні елдері үкіметінің келісімі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігі жөніндегі Аймақтық жобаның алдын ала шығарылған нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігі саласындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері мен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да талқыға түсті.
«Су ресурстары жөніндегі комитет 2008 жылы «Гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігі туралы» Заңның жобасын әзірлеген болатын. Заңнамалық жұмыс жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынысын ескере отырып, Үкімет жеке заң қабылдау мақсатты емес деген шешім шығарып, заң жобасы 2009 жылдың басында қабылданған Су кодексіне енгізілген түзетулер ретінде енгізілді», - деді М.Оразаев.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, гидротехникалық ғимарттардың қауіпсіздік мәселелері жөніндегі екі жылдай уақыт бойы жүргізілген тәжірибе аталмыш мәселе бойынша жеке заң қабылдау мүмкіндігін қайта қарастыру керек екенін және қазіргі заңнамаға түзетулер енгізу қажет екендігін көрсетіп отыр.