- Біздің міндет – студент университетке түскен күннен бастап диплом алғанға дейінгі барлық негізгі процесті бір жүйеге біріктіру. Қазірдің өзінде ҰБТ сертификаты eGov жүйесінде қолжетімді, AI-прокторинг және AI-Talapker іске қосылған. Студенттер мен түлектер туралы негізгі деректер Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында жинақталады. Келесі кезең – AI-Admission, AI-Onboarding, жеке білім беру траекториясы, цифрлық құзыреттер профилі, AI-Library, AI-психолог және AI-Career секілді ЖИ-шешімдерді оқу процесіне енгізу, - деді С. Нұрбек.
Оның айтуынша, бұл бағытта бастапқы база қалыптасты. AI-Sana бағдарламасы аясында 440-тан астам ЖИ-агент әзірленді. Алдағы оқу жылында бағдарламаның 3-ші және 4-ші кезеңдері жүзеге асырылады.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл студенттер саны 740 мыңнан асады.