- Қазіргі уақытта ғылым саласында мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі, олардың барлығы онлайн-форматта қолжетімді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 95%-ы электрондық форматта көрсетілген. Цифрлық трансформация шеңберінде ең көп сұранысқа ие 19 бизнес-процестерге реинжиниринг жүргізілді, - деді ол Үкімет отырысында.
Спикердің айтуынша, реинжиниринг нәтижесінде бизнес-процестердің тиімділігі 70%-ға өскен.
—Бұрын аккредиттеу туралы куәлік алу немесе сыйлықақы мен стипендияға өтінім беру үшін Азаматтарға арналған үкіметтің аумақтық бөлімшелеріне немесе министрліктің кеңсесіне жеке жүгіну қажет болатын. Енді өтінімдерді беру онлайн жүзеге асырылады. Соның арқасында толық автоматтандыру кезінде өтінімдерді қарау мерзімі 15 күнге дейін қысқарды. Сондай-ақ, біз қағаз сертификаттар мен курьерлік қызметтерді толығымен алып тастадық. Бұл мемлекеттік бюджетті 150 млн теңгеге үнемдеуге мүмкіндік берді, - деді Жаслан Мәдиев.
Осыған дейңн биыл жас ғалымдарға 140 баспана тегін берілетіні туралы жаздық.