АСТАНА. KAZINFORM - Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындағанын мәлімдеді.
«Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді», — деп жазды ведомстводан.
Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет.
Тізімді мынау сілтеме арқылы көруге болады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.