«Қазіргі таңда 2022 және 2023 жылдары өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын грант арқылы қаржыландыру аясында экономиканың басым бағыттарында 137 жоба іске асырылып жатыр», - делінген жауапта.
Оның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылық шикізат өңдеуге бағытталған 52 жоба қолға алынған.
Сондай-ақ, цифрландыру саласында – 14 жоба, машина жасауда – 11 жоба, өңдеу өнеркәсібінде – 11 жоба, экологияда – 11 жоба, химия өнеркәсібінде – 9 жоба, денсаулық сақтау саласында – 8 жоба, геологиялық барлау, табиғи пайдалы қазбалар өндірісінде – 4 жоба, энергетика кешенін жаңғыртуда – 4 жоба, сапалы білімге арналған 3 жоба, жеңіл өнеркәсіп саласында – 2 жоба, металлургия, металл өңдеуде – 2 жоба, ұлттық қауіпсіздікті нығайту саласында – 2 жоба, мұнай-газ-химия саласында – 1 жоба, мемлекеттің бағдарламаларда көзделген басқа да салаларда – 3 жоба грант арқылы іске асырылып жатыр.