Гималайда көшкіннен қаза тапқандардың саны 32-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал Гималайында көшкін салдарынан жоғалып кеткен туристердің саны отыз екіге жетті. Бұдан бұрын қаза тапқандар саны 16 деп хабарланған болатын. Одан кейін құтқарушылар 24 адамның денесін тапты.

Құрбандар Польша, Израиль, Непал, Канада және Үндістаннан келген азаматтар, деп хабарлады «Интерфакс». Бұдан басқа, құтқарушылар 100-ден астам туристермен байланысқа шыға алмай отыр. Олардың барлығы - тау туризмі - треккингпен айналысып жүргендер. Қайғылы оқиғаға себеп болған бұдан бұрын Үндістанның шығыс жағалауындағы жойқын «Худхуд» дауылы салдарынан туындаған табиғаттың тосын мінезі.