Алғашқы экспедиция 2009 жылы Тибет үстіртінің шығыс бөлігіне аттанған.
Зерттеу кезінде ғалымдар өсімдіктің 133 жаңа түрін, балықтың 26 түрін, 39 омыртқасыз және 10 қосмекендіні тапты. Сондай-ақ құстың, рептилия мен сүтқоректілердің бір түрі табылды.
Ғалымдар көгілдір құрбақа, түшкіретін маймыл мен құрлықта жүре алатын балықты атап өтті.
Табылған маймылдың ерекшелігі - жауынның суы жануардың мұрнына тигенде ол түшкіре бастайды. Сондай-ақ ғалымдар құрғақшылық кездерінде суды 400 метр қашықтыққа дейінгі аралықта іздей алатын балықты атап өтті, деп жазды informing.