Ғимараттың төбесі опырылып, 5 адам қаза болды
18:04, 23 Наурыз 2013
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Қытайдың Аньхой провинциясында ғимарат төбесі опырылып түсіп, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 5-уі үйінді астында қалған, деп хабарлайды 24.kz.
Сонымен қатар 6 адам түрлі жарақаттармен аурухағана жеткізілді. Ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Апат болған сәтте кеңседе 15-ке жуық құрылысшы болғаны анықталды. Оқиға орына құтқарушылар жедел тартылып, адамдарды үйінді астынан алып шығумен бірнеше сағат арпалысты. Апаттық жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Негізі Қытайда мектептер мен тұрғын үйлердің қирауы жиі кездеседі. Әдетте бұған құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілуі себеп болуда.