Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде топ жарды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды.

Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.

Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді - 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді - 103,450 ұпай.

Еске сала кетейік, бұған дейін спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогын бір медальмен аяқтағанын жазған едік.