Гимнаст Ақмарал Ерекешева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
16:28, 19 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында іріктеу кезеңінің бірінші күні өтті.
Спортшылар доп және шығыршықтағы жаттығуларда өнер көрсетті. Екі жаттығу түрінде де қазақстандық Ақмарал Ерекешева бірінші орынды иеленді.
Гимнаст шығыршықтағы жаттығуда 26.400 ұпай, ал доппен - 25.550 ұпай жинады.
19 маусымда іріктеу кезеңінің екінші күні өтеді. Финалдық кезең 21 маусымда басталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары Сиань (Қытай) қаласында өткен әртістік жүзуден үздік үштікке енгенін жазған едік.