Гимнаст Асан Салимов Мысырдағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық құрама спортшысы Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында финалда бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз ақтық сайыста 14.083 ұпай иеленді.

Жүлдегерлер: 

1. Артур Давтян (Армения) — 14.666 балл
2. Асан Салимов (Қазақстан)
3. Йонас Данек (Чехия) 14.016 ұпай

Осы дисциплинада тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек үздік бестікке кірді.

Бұл Кирде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 3-жүлде. Кеше тұтқалы ат снарядындағы финалда Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола медаль иеленген.

Бұдан бұрын 16 жастағы қазақстандық теннисші Алжирдегі жарыста чемпион атанғанын жазғанбыз.