Гимнаст Виктория Бутолина Азиадада жүлдеге бір қадам жетпей қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан төртінші орынға ие болды.

Фото: ҚР ҰОК

Суперфиналда Бутолина төрешілердің шешімімен 52,15 ұпай жинап, төртінші орын алды.

Жарыста жапониялық Хикару Мори 56,88 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды 56,58 ұпай жинаған тағы бір жапониялық Мэгу Уяма иеленді. Қытайлық Цю Чжэн де 56,58 ұпай еншілеп, үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, ерлер арасында қазақстандық Ерлан Тасмағамбетов қола медаль жеңіп алды.

Еске салайық, бұған дейін Жеңіл атлет Нора Джеруто Азиаданың күміс медалін иеленгенін хабарлаған едік.