АСТАНА. KAZINFORM - Түркияның Анталия қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңі қазақстандықтар үшін олжалы болды.
Қазақстан құрамасына қос бірдей медаль түсті.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ат спорты жаттығуында алдына жан салмады. Ол 14,634 ұпай жинады.
Бұл Нариманның Парижден кейінгі алғашқы жарысы еді.
Тағы бір қазақстандық Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.
Иорданиялық Ахмад Абу Аль Сауд (14,200) үздік үштікті түйіндеді.
Әлем кубогы кезеңі 23 наурыз күні мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анастасия Городконың әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).