АСТАНА. KAZINFORM — 18-20 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің кезекті кезеңі өтеді.
Қазақстан құрамасы сапында жарысқа бес спортшы қатысады.
Құрама сапына енген гимнасшылар:
- Асан Салимов (еркін жаттығу, сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру);
- Эмиль Ахмеджанов (еркін жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу);
- Дияс Тойшыбек (ат үстіндегі жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу);
- Зейнолла Ыдрысов (ат үстіндегі жаттығу);
- Алтынхан Темірбек (сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру).
Жарыс 20 қыркүйекте аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін биылғы Азия ойындарында ел намысын 559 спортшы қорғайтынын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.