Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр
«Алты Алашқа мәлім болған алып асықтың тағдыры алаңдатады. 50 мың дана асықтан тоқылып жасалған алып асықты 2 ай бұрын EXPО көрмесіне қояды екен деп жаңалықтардан көрсетіп еді. Енді міне, Гиннестің рекордтар кітабына енген 2 тонналық алып асық жоғарыда уәде етілген көрмеде емес, күнге қаңсып палатканың астында тұр. Белгісіз себептермен EXPO-ға бармай қалған асықты Болат мырза енді Ұлттық музейге тапсыруға дайын», - деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасай отырып, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ЭКСПО көрмесіне алып асықты сыйға тартқанын хабарлаған болатын. ШҚО-ның Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие мұражайының директоры Болат Тағабай алып дүниені жасап шығуға 50 мың кәдімгі асық пайдаланған, оның ұзындығы - 4 метр, ал биіктігі - 3 метр.