Сарк аралында жол, көше шамдары жоқ. Тіпті, бір де бір көлік те тіркелмеген. Бірақ аядай ғана түрме әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.
Оның бір камерасының көлемі — 1,8 м х 1,8 м болса, екіншісі — 1,8 м х 2,4 м тең.
Мұнда ағаш тақтайшалардан жасалған шағын кереует пен жұқа матрас ғана бар.
Бүгінде түрмеге жарық пен жылу тартылған, бірақ ғимараттың терезесі жоқ.
Тұтқындарды шағын түрмеде ресми түрде екі күн ғана ұстауға болады. Кейін олар көрші орналасқан Гернси аралындағы үлкен түрмеге ауыстырылуы керек.
Ұзындығы 5 шақырымға таяу және ені 1,6 шақырым болатын Сарк аралының өзінде 600-ден аз адам мекен етеді екен.
Аралдың құқық қорғау органдары қылмыс туралы хабарламаларды сирек алады.
Десе де, шағын түрмеге жергілікті мас тұрғындар мен тәртіп бұзған туристер қамалатын көрінеді.