Жиналған сома қайырымдылық қордың есепшотына аударылады. Бұл туралы Алаш айнасы жазады.
Электргитараны ойлап тапқан Лес Полдың 1951 жылы жарыққа шыққан Fender Nocaster гитарасы 216 мың АҚШ долларына сатылып, рекорд жасаған. Мұндай бағаға сатылуының да өз себебі бар. Гитараны музыкантқа Fender Лео Фендер компаниясы сыйлаған екен. Одан өзге, Gibson Les Paul гитарасы - 188 мың долларға, 1940 жылы жасап шығарылған Epiphone Zephyr гитарасы 144 мың АҚШ долларына сатылыпты. Аукционда сондай-ақ концерттерде қолданылған дыбыс күшейткіш аппараттар мен гитараға қатысты құжаттар да сатылымға түскен. Lenta.ru интернет порталының хабарлауынша, Л.Полдың жеке заттары қойылған аукционда барлығы 5 миллион доллар жиналыпты. «Бұл қаржының барлығы Les Paul Fondation қайырымдылық қорына аударылады» дейді аукционды ұйымдастырушылар. Айта кетейік, Л.Пол (толық аты-жөні Лестер Уильям Полсфус) 1940-1950 жылдардың ең атақты әндерінің авторы. Оны әлемге танытқан гитара сазгердің өз атымен аталады - Gibson Les Paul. Әйгілі музыкант 2009 жылы 94 жасында өкпе қабынуынан қайтыс болған.