Гитлердің свастика түріндегі екі жеңілгегі бәссаудада 1,6 мың фунтқа сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адольф Гитлердің екі жеңілгегі Ұлыбританияда бәссаудада 1,6 мың фунт стерлингке сатылып кетті, деп хабарлады The Daily Mail газеті.

Англия мен и Уэльс шекарасына жақын жердегі Шропшир графтығы Ладлоу қаласында нацистік белгіні сату бойынша бәссауда ұйымдастырылды. Адольф Гитлерге тиесілі екі жеңілгек 1,6 мың фунтқа сатылды. Нацистік Германия көшбасшысына оны фашизм идеологы, Италия басшысы Бенито Муссолини сыйға тартқаны атап өтіледі. Жеңілгектер фашистік Италиядағы Муссолини партиясын бейнелейтін фасциямен безендірілген.