Гитлердің тізерлеп тұрған мүсіні 17 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заман мүсіншісі итальялық суретші Маурицио Каттеланның тізерлеп тұрған Адольф Гитлерді бейнелейтін мүсіні Нью-Йоркте Christie's аукционында 17 миллион долларға сатылды. Бұл туралы ресейлік Лента.ру хабарлайды.

Статуя «Ол» деп аталады. Мүсінше резина мен балауыздан жасалған. Ол бірнеше жыл қатарынан Варшавада,ы Қазіргі заман өнері орталығында көпшілік назарына ұсынылып келді.