Гитлердің жеке телефоны аукционға шығарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Адольф Гитлердің  жеке телефоны аукционда сатылады, деп хабарлады Alexander Historical Auctions аукцион үйінің ресми сайты.

Siemens телефонын вермахт тарту еткен. Оны 1945 жылы кеңес сарбаздары Гитлер бункерінен тауып, британдық офицерге берген. Офицердің жанұясы телефонды 70 жыл бойы сақтаған.

Аукцион үйі бұл телефонды миллиондардың өмірін қиған барлық заманның ең жойқын құралы деп атауда. Әзірге телефонның болжалды бағасы - 200-300 мың доллар көлемінде.

 Бәссауда 19 ақпан күні өтеді. Онда Үшінші рейх дәуірінің өзге де бұйымдары сатылымға шығарылады.