Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда хабарламасында.  

Өмірбаяны

Құқық қорғау (прокуратура, мемлекеттік тергеу комитетінің органдары) және мемлекеттік арнайы органдарда (ұлттық қауіпсіздік органдары) қызмет ету (1990-2017)

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары (2017-2019)

ҚР Бас прокуроры (2019-2022)

Президент көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (25.02.09.01.2022.2023)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы (01.09.2023 бастап)

Білімі

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1986)

Заңгер

Марапаттары

II дәрежелі «Айбын», I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерінің кавалері