деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде журналдың желтоқсандағы нөмірінде айтылған. Басқалармен қатар, рейтингке АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама , теннисші Серена Уильямс және модельер Стелла Маккартни енген.
Поп-әнші Рианна жылдың ең басты әйелі болып танылды. 2009 жылы Рианна БАҚ-тың назарына өзінің жігіті Крис Браунмен жанжалды оқиғаға байланысты ілінген болатын. Ақпанда ол әншіні соққыға жыққан еді. Glamour 21 жасар Рианнаның мінез-құлқы оның рейтингте бірінші орын алуына негізгі себептердің бірі болғанын атады. Қарашаның 23-інде әншінің «Rated R» деген атаумен жаңа альбомы шығады.
Тізімде екінші орынды Калифорнияның губернаторы Арнольд Шварценеггер дің әйелі, сондай-ақ белгілі тележурналист және жазушы Мариа Шрайвер иеленді. Үшінші жолға модельер және The Beatles қатысушысы Пол Маккартни дің қызы Стелла орналасты. 2009 жылғы әйелдер рейтингінде Мишель Обама айрықша назарға алынды.