«Төртінші өнеркәсіптік революция адам ең құнды ресурс болудан қалып, роботтар мен компьютерлер билейді дегенді білдірмейді. Керісінше, адамдардың, дәлірегі, олардың дағдылары мен қабілеттерінің құндылығы арта түспек. Компаниялар, тіпті мемлекеттер арасында олар үшін жүргізіліп жатқан күрес күшейеді», - дейді сарапшы.
«2017 жылғы 11 сәуірде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Онда қоғамдық сананы жаңғыртпайынша, саяси және экономикалық жаңғыруға қол жеткізу мүмкін емес екендігі айтылды. Дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаттарына бұрынғы сана мен ойлау моделімен жету мүмкін емес. Осылайша, Астана экономикалық форумының басты өнімдерінің бірі - форум барысында талқыланатын ақпараттық және аналитикалық тұжырымдар болуы тиіс», - дейді Д. Базаров.