Global Witness: экологтардың өміріне қастандық жиілеп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Global Witness халықаралық құқық қорғау ұйымы өткен жылы әлемде экология белсенділерінің қаза табуы көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Құқық қорғаушылардың мәліметтерінше, 2014 жылдың ішінде алдыңғы жылға қарағанда өлтірілген экологтардың саны 20 пайызға көп болған.

Ұйым өткен жылы қастандықтан 116 белсенді қаза тапқанын айта келе, бұл көрсеткішті «көрінбейтін дағдарыс» деп атаған.

Бұл ретте Global Witness өлтірілгендердің саны іс жүзінде көп екеніне күмән келтірмейді, өйткені олардың көбі шалғай жерлерде тұрады.

Ұйымда атап өткендей, кейбір елдерде белсенділерге қарсы лаңкестікпен күрес заңдары қолданылады.

Өлтірілген белсенділердің жартысынан көбі Бразилия, Колумбия және Филиппин елдерінде тұрған.