деп хабарлады «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның баспасөз қызметі.
"ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - ГНПФ) қызметінің 13 жыл бойында қабылданған даму стратегиялары салымшыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен зейнетақы активтерін қалыпты-консервативтік басқаруға бағытталған. Бұл «ГНПФ» зейнетақы қорына зейнетақы жүйесі бойынша ең жоғары нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
ҚР ҚҚА-ның ресми деректері бойынша 1,8 млн. адам ГНПФ салымшылары болып табылады немесе еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі қатысушыларының жалпы санынан 22,2% құрайды. Барлық зейнетақы қорларының жалпы жинақталған зейнетақы қаражаты 14,5% өскен уақытта, Қордағы олардың жинақталған зейнетақы қаражаттары ағымдағы жылдың басынан 19,1 % өсті.
2010 жылғы 9 айдың нәтижесі бойынша ГНПФ салымшыларының арасында үлестірілген «таза» инвестициялық кірістің көлемі 16,8 млрд. астам теңгеге артты. Бұл жинақталған зейнетақы жүйесі бойынша тоғыз айда алынған таза инвестициялық кірістің 33 % құрайды. Оған қоса жинақталған зейнетақы қаражаттарының сомасы бойынша ГНПФ-тің нарықтық үлесі 16,4 % сәйкес. 2010 жылғы 1 қазанға Қор қызметінің барлық кезеңі үшін «таза» инвестициялық кіріс 117,7 млрд. теңгеден асты.
Өз қызметі бастамасынан Қормен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарына зейнетақы төлемдері және аударымдары 35,7 млрд. теңгеге артты және сақтандыру ұйымдарына төлемдер мен аударымдардың жалпы көлемінен 21 % құрайды, бұл ГНПФ-ті зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша негізгі қорлардың бірі деп пікір айтуға мүмкіндік береді.
Салымшылардың қаржылық мүдделерін қорғау мақсатында (1,8 млн. адам), Қор салымшыларды жазатайым жағдайдан жыл сайынғы сақтандыру жүйесін енгізді. Сақтандыру қолданысқа енген үш ай ішінде бірнеше салымшыларға сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды.
2010 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қор зейнетақы активтерінің кірістілігі және меншікті капиталының жеткіліктілігі бойынша пруденциалды талаптарында орындады. 2010 жылғы 1 қазанға Қордың меншікті активтері 18 млрд. теңгеден асты. 2010 жылдың 9 айы ішінде Қордың меншікті капиталы 46 % өсіп, 17,2 млрд. теңгені құрады. Көрсетілген кезең үшін таза пайда 2,6 млрд. теңгені құрады.
«ГНПФ» зейнетақы қорының қызметі Қазақстанның барлық өңірінде зейнетақы қызметінің толық кешенін ұсынуға бағытталған. Қазіргі кезде Қордың Қазақстан бойынша 18 филиалы жұмыс істейді. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қор 2 дербес қызмет көрсету орталығын және еліміздің барлық аймағында, сонымен қатар шалғай орналасқан елді мекендерде қосымша 100-ден астам агенттік пункттерін ашты.