Департаменттің мәліметіне қарағанда, осы аймақта тәулік бойы қауіпсіздікті қадағалайтын үнділік резервтік полиция батальонына бұйрық берілген. Сондай-ақ, жағажайда шыны құтылардағы ішімдіктерді алып жүруге рұқсат етілмейді. Себебі, оның сынықтарынан жарақаттанған туристер аз болмай отыр.
Тәртіп сақшылары сыпайы түрде демалушыларға ішімдік пен шыны құтыларды жағажайға әкелмеуді ескертеді, ал оған құлақ аспағандардың өнімі тәркіленеді.