Гогольдің басын Киев көшелерімен алып өтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада Николай Гогольдің туған күнін тойлауға дайындалып жатыр. Ерекше акция осыған орайластырылды: Киев көшелерімен жазушының басын алып өту жайлы шешім қабылданды.

Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде хабарлады.

Бас темірден жасалмақ. Ол Гогольдің 207 жылдығына арналған фестивальдің символына айналады.

Алып түрлі түсті мүсінді Киевтің белгілі ескерткіштерінің маңынан, алаңдары мен мәдени орындары алып өтеді. Колонна тоқтағанда костюм киген актерлер мини-перфоманстар ұйымдастырады, деп жазды tvzvezda.ru.