Ойынның 92-інші минутында суырылып алға шыққан Хальстенберг екпінмен келген күйі баспен дәл соққы жасады. Өкінішке орай, ол тоқтай алмай қақпа бағанына соғылды.
«Хальстенбергтің қолы үш жерден сынды, енді оған ота жасалады»,-деп жазды РБ "Лейпциг" ресми Twitter -інде.
Атап өткен жөн, Хальстенбергтің голы оның командасына көмектесе алмады. "Лейпциг" өз алаңында 2:3 есебімен жеңілді.