«Голландия Oupen» халықаралық турнирінде қазақстандық таеквондошылар 2 күміс, 2 қола медаль иеленді

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таеквондодан Нидерландыда өткен халықаралық «Голландия Oupen» турнирінде қазақстандық спортшылар 2 күміс, 2 қола медаль иеленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төрт күнге созылған бұл байрақты бәсекеге әлемнің 37 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысқан болатын. Онда 54 киләға дейінгі салмақта шымкенттік Ринат Құралбаев, 78 киләдан жоғары салмақта алматылық Марлен Салехов күміс медаль алды. Ал Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атыраулық Арман Шілманов бұл жолы 84 киләдан жоғары салмақта бақ сынап, қола жүлде алды. Қазақстан қоржынына түскен келесі қола медальдың иесі - әйелдер арасында бақ сынаған атыраулық Гүлнәфиз Айтмұхамбетова.