Голландияда 200 мың үйректің көзін жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландыда құс тұмауының таралуына байланысты 190 мыңнан аса үй үйрегін сойып тастады.

Вирус Амстердамнан 70 шақырып қашықтықта орналасқан Биддингхёйзен елді мекенінен табылды, деп жазады шетелдік БАҚ. Салдарынан 6 шаруа қожалығындағы құстар вирус жұқтырып, олардың көзін құртуға тура келді.

Айта кетейік, құс тұсауының H5N8 штаммы осыған дейін Дания, Швеция, Германия мен Финляндияда табылған болатын. Абырой болғанда, бұл вирусты адам жұқтырған жоқ.