Голландияда әлемдегі ең үлкен велосипед тұрағы салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландияның Утрехт қаласында әлемдегі ең үлкен велосипед тұрағы салынады. Жергілікті басылымның хабарлауынша, сәйкес келісімшарт қаланың муниципалитеті мен «БАМ» құрылыс тобы арасында жасалған.

Үш қабатты нысан 12,5 мың велосипедке арналмақ. Ал оның құрылысы бірінші кезекте 8 млн. еуроны, ал жалпы құны 48 млн. еуроны құрайды.

Жерасты тұрағын Утрехт орталық теміржол стансасының аумағында тұрғызу жоспарланып отыр. Оның құрылысы 2018 жылға қарай аяқталуы тиіс.

Статистикаға сәйкес, Нидерландыда велосипедтер елдегі 16,8 миллионнан асатын халық санынан да көп көрінеді.