Үш қабатты нысан 12,5 мың велосипедке арналмақ. Ал оның құрылысы бірінші кезекте 8 млн. еуроны, ал жалпы құны 48 млн. еуроны құрайды.
Жерасты тұрағын Утрехт орталық теміржол стансасының аумағында тұрғызу жоспарланып отыр. Оның құрылысы 2018 жылға қарай аяқталуы тиіс.
Статистикаға сәйкес, Нидерландыда велосипедтер елдегі 16,8 миллионнан асатын халық санынан да көп көрінеді.