Stella Lux деп аталатын модель төрт адамға есептелген. Машина биылғы жылы кейінірек Австралияда өтетін World Solar Challenge жарысына қатыстырылатын болады.
Автомобильдің жоғары жылдамдығы сағатына 125 шақырым. Қорабы көмір талшығынан және алюминийден жасалған. Машинаның салмағы 375 келі. Stella Lux студенттер 2013 жылы жасаған Stella автомобилінің базасында жасалған. Жаңа нұсқада жалпы ауданы 5,8 шаршыметрлік күн панельдері, сондай-ақ 15 кВт-тық аккумулятор батареясы бар.