«Хоек» командасы футболшыларының шабуылы нәтижесінде доп бірнеше рет қақпаға ене жаздап, қақпашының шеберлігінің арқасында кері кеткен. Осындай тайталасқан сәттердің бірінде доп төрешіге қарай серпілген. Ал ол болса сол аяқпен қақпаға қарай бағыттаған. Футболшылар қанша ашуланғанымен, рефери бұл голды есепке алды.