Голландияда үш адамға арналған сүңгуір қайық жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландияның Ortega фирмасы жеке пайдалануға арналған сүңгуір қайық жасап шығарды.

Сүңгуір қайық суда да, 95 метрге дейін су астында да жүзе алады. Оның су бетіндегі ең жоғары жылдамдығы 16,7 км/с, су астында - 20,4 км/с.

Қайыққа үш адам сыяды, олардың орны Формула-1 жарыс көліктеріндегі орындықтар секілді жасалған.