«Нидерланд корольдігі футбол одағына, ел үкіметі және ФИФА: әлем чемпионатын Ресейде өткізуден бас тартуларыңызды сұраймын», - деп жазды бапкер «твиттерде». Жазба «#MH017» хэштегімен толықтырылды. Бұл - 17 шілдеде Амстердам - Куала-Лумпур бағытында ұшып, Украинаның оңтүстік шығысында апатқа ұшыраған ұшақтың нөмірі. Апат салдарынан 298 адам қаза тапты. Украиндық күш құрылымдары мен халық жасағы бірін бірі кінәлауда.
Ван 'т Схип Нидерланд құрамасында 2004 жылдан 2008 жылға дейін бапкер болған. Бүгінде ол австралиялық «Мельбурн Сити» құрамасын жаттықтырады.
2018 жылғы әлем чемпионаты 8 маусымнан 8 шілдеге дейін. Ойындар ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.