Бұл туралы NBC хабарлады.
6 тамызда спортшы шығыршықта жаттығу кезінде іріктеуді сәтті еңсеріп, 15 тамыздағы финалдық бәсекеге қатысуы тиіс болатын. Алайда, 7 тамыз, сенбі кешке ол Олипиадалық қалашықтан кетіп, келесі күні таңертең мас күйінде оралған. Голландиялық құрама басшылығы 33 жастағы гимнасшыны жарыстан шеттету шешімін қабылдады. Оның орнына финалға француз Дэнни Родригес шығады.
2009 жылғы маусымда ван Гельдер оның допинг-сынамасынан кокаин табылғаннан кейін бір жылға жарыстан шеттетілген еді.